Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілімен кездесу

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 11.03.2025

«РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарын конференц байланыс бойынша қосып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиевамен кездесу өтті.

Антикор өкілдерінің еңбек ұжымдарымен мұндай кездесулері үнемі өткізіліп тұрады және Жазира Жақсылыққызы «РҒБО» АҚ қызметкерлерімен бірінші рет кездесіп отырған жоқ.

Кездесу «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына арналды, бұл комплаенс офицердің қатысуымен кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен жылына кемінде бір рет өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан кәсіпорын қызметін мониторингтеу мен ішкі талдау дегенді білдіреді.

РҒБО қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, «Ұлттың ұлттық жоспары – 100 нақты қадам», Президенттің бағдарламасы және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы көп нәрсе білді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы егжей-тегжейлі айтып, мысалдар келтірді.

Сыйлық беру және алу жауапкершілігі туралы ақпарат үлкен қызығушылық тудырды. «Мемлекеттік қызметшілерге және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған өзге де адамдарға сыйлықтар беруге жол берілмейді», - деп атап өтті ол.

«Тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық және басшылардың тәртіптік жауапкершілігі, жаза әлдеқайда қатал жаңа редакциядағы санкциялар туралы талқыланды.

Жазира Жылқышиева РҒБО қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, превенция қызметінің маңыздылығын, оның міндеті ұжыммен және комплаенс офицер Боран Дюсеновпен бірге қызметкерлердің қатысуымен кәсіпорындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу үшін жергілікті жерлердегі жағдайға талдау жүргізу болып табылатын тағы да атап өтті.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев қонаққа өзекті ақпараттар үшін алғысын білдіріп, барлық қатысушыларға құқық бұзбай табысты қызмет атқаруды тіледі.