Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін атап өтті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 10.05.2023

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - Отан қорғаушылар күні мен келе жатқан Жеңіс күніне орай Республикалық ғарыштық байланыс орталығы (РҒБО) орталық аппараты мен «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығындағы алаңда кәсіпорын қызметкерлерінің салтанатты сапқа тұрысы өтті.

«Байқоңыр мектебінен өткен запастағы офицерлер, бұрынғы әскери қызметкерлер көп жұмыс істейтін біздің ұжым үшін мұндай сапқа тұрыс бұрыннан келе жатқан дәстүр. Барлық қызметкерлерде далалық-әскери киімдері бар, бұл күні біз армиядағы қызметі, еңбек жетістіктері үшін марапаттарымызды тағамыз», - дейді Ғылыми-техникалық кеңестің жетекшісі, РҒБО бұрынғы басшысы Виктор Лефтер.

Қазақстанның ғарыштық байланыс мамандарының алдында ҚР ЦДИАӨ вице-министрі Мәлік Олжабеков пен Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі РҒБО-ның ерекше рөлін атап өтті.

«Ұжым сәтті жұмысын атқарып жатқан «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің нақты жұмысы – сіздің мемлекеттің егемендігін қорғауға қосқан үлестеріңіз», - деді олар.

2023 жылдың 9 мамырында «РҒБО» АҚ басшылары Ақкөл қаласында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері дәстүр бойынша Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.