Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ-да «Жас ғарышкер» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 23.04.2025

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ - 23 сәуірде «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде онлайн форматта «Жас ғарышкер» мектепке дейінгі робототехника және бағдарламалаудың 5-ші халықаралық фестиваліне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстанның 14 өңірінен 89 балабақша-бөбекжай командалары қатысқан фестиваль космонавтика күні қарсаңында өтті. Салтанатты марапаттау рәсімге еліміздің 50-ге жуық мектепке дейінгі мекемелерінің тікелей қосылуын қамтамасыз еткен фестивальдің бас демеушісі – «РҒБО» АҚ қабырғасында өтті.

Өзінің кіріспе сөзінде чемпионатты ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Kazdidac» білім беру технологиялары орталығының» директоры Еркін Исимбаев биылғы фестиваль Байқоңырдың 70 жылдығына арналғанын атап өтті.

Мектепке дейінгі робототехника чемпионатының қатысушылары мен жеңімпаздарын «РҒБО» АҚ басшылары - Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов, Ғарыш жүйелері департаментінің директоры Виктор Лефтер, ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ өкілі Олжас Кенжеахметов, Чемпионаттың бас судьясы, Халықаралық мектепке дейінгі робототехника федерациясының президенті Сергей Сагитов, Чемпионат санаттарының авторы және әзірлеушісі, «Робот ара» санатының бас судьясы Светлана Кардашина құттықтады.

Жарыс үш санатта өтті, ең танымал «Robot Mouse» екі кезеңде өтті.

Чемпионаттың бас төрешісі Сергей Сагитов жеңімпаздарды жариялады. «Robot Mouse» (жоғары лига) санатында Нұра кенті, «Балбөбек» балабақшасы КМҚК, BOBEK NURA командасы жеңімпаз атанды, жаттықтырушысы: Қордабай Еркебұлан; екінші орынды Қарағанды қ., «Балақай» балабақшасы КМҚК, «ROBOKIDS «BALAQAI» командасы алды, жаттықтырушы: Абдрахманова Әйгерім; үшінші орынды Теміртау қ., «Дельфинчик» балабақшасы» КМҚК, «Дельфин» командасы иеленді, жаттықтырушы: Белянина Светлана.

«Robot Mouse» (премьер-лига) санатында Екібастұз қ., «21 ресурстық орталық» КМҚК, «Жұлдыздар отряды» командасы жеңімпаз атанды, жаттықтырушы: Төлегенова Нағымаш. Екінші орынды Шахтинск қ., «Салтанат» балабақшасы» КМҚК, «Technokids» командасы иеленді. жаттықтырушы: Мыца Аурика. Үшінші орын – «Толағайстар» командасы, «Толағай» балабақшасы» КМҚК, Қарағанды қ., жаттықтырушы: Әшімова Күнсұлу.

«Робот Пчелка» санатында бірінші орынды Екібастұз қаласының «21 ресурстық орталығы» КМҚК, «Робошеберы» командасы иеленді, жаттықтырушы: Қалқабаева Гүлзира; екінші орын — «Ақылды Лего» командасы, Қарағанды қаласының «№2 оқушылар сарайы» КММ, жаттықтырушы: Айтжан Жайнагүл; үшінші орын – «Пчелки Айару» командасы иеленді, «№82 Айару» бөбекжайы» МКҚК, Астана қ., жаттықтырушы: Ауғалиева Райхан.

«Байқоңыр және ғарыш балалардың көзімен» санатында Екібастұз қаласының «21 ресурстық орталық» КМҚК, «Звездный патруль» командасы жеңіске жетті, жаттықтырушы: Оразбаева Лайла; екінші орын «Қазақстан брендтері» командасы, «№82 Айару бөбекжайы» МКҚК, Астана қаласы, жаттықтырушы: Аугалиева Райхан; үшінші орын «Космопорт» командасы, «Балақай» бөбекжайы» КМҚК, Қарағанды қ., жаттықтырушы: Абдрахманова Әйгерім.

Салтанатты рәсімге қатысушылар фестиваль ұйымдастырушыларына – «Kazdidac білім беру технологиялары орталығы» ЖШС, Халықаралық мектепке дейінгі робототехника федерациясы, ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, «РҒБО» АҚ-ға алғыстарын білдірді.

Қазылар алқасының мүшелері мен қонақтар біздің ғалам, ғарыш туралы білімдер арқылы айқын көрінетін балалардың мектепке дейінгі техникалық білімінің маңыздылығын атап өтті.