Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Халықаралық электр байланысы одағының семинарына қатысуда

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 15.04.2024

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – «РҒБО» АҚ Жобалық кеңсесінің өкілдері ҚР ЦДИАӨМ Коммуникациялар комитеті ұйымдастырған Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік оқыту семинарына қатысуда.

2024 жылдың 15 сәуірінен 19 сәуіріне дейін жалғасатын семинар аясында радиожиілік үйлестіру негіздері, жиіліктерді халықаралық құқықтық қорғау қағидаттары, ГСЕО жерсеріктік жүйелерінің жер станцияларын үйлестіру бойынша оқыту жүргізіледі.

Семинарға қатысушылар алдында «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов «Қазақстан Республикасындағы жерсеріктік байланысының даму тенденциялары: шындықтар мен міндеттер» атты баяндама жасады.

«Біз үшін ғарыштық және жерүсті қызметтеріне қатысты үйлестіруді, хабарлауды және жиіліктерді тағайындауды қарастыруды қоса алғанда реттеу процедураларын қолдану және ХЭО Радиобайланыс бюросының бағдарламалық жасақтамасымен, деректер базасымен және электронды басылымдарымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік семинарлар ерекше қызықты», - деді Жобалық кеңсенің басшысы Юлия Гребенюк.