Пресс-центр/
Жаңалық

РҒБО техникалық ЖОО студенттеріне кәсіби тәжірибелік дағдылар береді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 10.08.2023

АСТАНА. Меншікті ақпарат - Қазақстанның барлық дерлік бейінді техникалық жоғары оқу орындарының студенттері 2005 жылдан бастап «РҒБО» АҚ объектілерінде жыл сайын өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтуде, Қазақстанның ғарыштық байланысының жетекші инженерлерінің басшылығымен жүздеген студент РҒБО-да тәжірибелік дағдылардан өтті.

Тек өткен, 2022 жылы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында 20 студент тәжірибеден өтті. 2023 жылы тәжірибелік оқуды 18 студент аяқтады, бүгінгі таңда ғарыш инфрақұрылымы объектісінде тағы 6 студент жұмыс істеуді жалғастыруда.

Максим Анатольевич Куцев - «Ақкөл» ҒБО Бағдарламалық және метрологиялық қамтамасыз ету орталығының басшысы бұл негізінен Астана мен Алматыдан келген студенттер екенін айтты. Бұл, ең алдымен, аумақтық қолжетімділікке байланысты. «Сондай-ақ РҒБО-да радиотехника, байланыс және IT-технологиялар тақырыптары бойынша оқитын шетелдік, негізінен ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері болып табылатын қазақстандықтар тәжірибелік дағдыларды үйренеді. Бірақ бізге тәжірибеден өту үшін ЖОО-лар ғана емес, сонымен қатар орта - арнаулы оқу орындары да (колледждер, жоғары техникалық мектептер) өз студенттерін жібереді», - деп атап өтті ол.

Кәсіпорынның бірінші күнінен бастап РҒБО-да жұмыс істейтін Максим Куцев 50-ден астам студенттің тәжірибе жетекшісі болды. Олардың ішіндегі ең үздіктері «Ақкөл» ҒБО қызметкерлері болды.

Жақында кадрлық комиссия отырысы мен сұхбаттасу қорытындысы бойынша биылғы жылы кәсіпорында диплом алдындағы тәжірибеден өткен Сайфуллин Нұржан Ақкөл ғарыштық байланыс орталығына жұмысқа қабылданды.