Пресс-центр/
Жаңалық

Қазғарыш мамандары «Жас ғалым» байқауы қорытындысы бойынша гранттық қаржыландыру алды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 26.06.2024

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - Жақында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жобаларын қаржыландыруға рұқсат алған «Жас ғалым» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Олардың қатарында Қазақстандағы ғарыш кәсіпорындарының мамандары, оның ішінде «РҒБО» АҚ өкілі бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық мамандығы бойынша түлегі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) басқарма басшысы Гүлмира Ишкибаевамен таныс болыңыздар. Грант жобасы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында дайындалған.

«Мен 9 жыл бойы кәсіпорынның жауапты саласында жұмыс істеп келе жатқан Республикалық ғарыштық байланыс орталығы ұжымының мүшесі болу арқылы өзімнің сәтті жұлдызымды таптым. Студент кезімде мені ғарыш кеңістігін игеру мен пайдаланудың құқықтық мәселелері қызықтырды. Менің ғылыми мақалаларым бірнеше рет халықаралық жас ғалымдар конференцияларында атап өтілді, Орталық Азиядағы ең үздік жас ғалым ретінде POSCO PART FAUNDATION (Оңтүстік Корея) халықаралық стипендиясының иегері болдым. Ғылымға, ізденуге деген құштарлық мені І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторантурасына түсірді. Менің докторлық диссертациямның тақырыбы: «Ғарыштық байланыс құралдарын коммерциялық пайдалану жөніндегі қызметті құқықтық реттеу» біздің кәсіпорын басшылығы тарапынан ұсынылып, қолдау тапқанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, ғылыми ортада Қазақстан Республикасында құқықтық ғарыш ғылымының дамымағаны туралы пікірлер жиі айтылып келеді. Мен үшін жас ғалым ретінде бұл тірек болды», - дейді Г. Ишкибаева.

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Дания Нұрмұханқызы жетекшілік еткен докторлық диссертацияны қорғау РҒБО-ның символикалық туған күні – 2023 жылдың 18 наурызында өткені белгілі болды.

«Диссертациялық кеңестің отырысында диссертациялық жұмысымның тақырыбы үлкен қызығушылық тудырып, менің баяндамаларым Испанияда ғылыми тағылымдамадан өтуім барысында, Италияда Қазақстан Республикасының ғарыш саласын, сондай-ақ Kazsat сериялы байланыс жерсеріктерін танымал ету мәселелеріне арналған конференцияда атап өтілді. Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері және Ресей Федерациясынан шақырылғандар қонақтар ғарыш саласындағы зерттеулерді жалғастыруды қатаң ұсынды. «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыруы аясындағы ғылыми жоба осылайша дүниеге келген. Оның болашағы зор деп танылып, қолдау тапқанына өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Еліміздің Президенті ғылым қашанда өндіріспен бірге жүруі керектігін жиі атап өтеді. Өзіңіз білетіндей, аэроғарыш өнеркәсібінің кәсіпорындарында, оның ішінде біздің ғарыштық байланыс кәсіпорнымызда өте перспективалы идеялары мен ойлары бар білікті және талантты мамандар өте көп, ол Қазақстан Республикасында білім беру мен ғарыштық ғылым кластерін құрудың бастапқы нүктесі болуы тиіс.

Менің жобам ғылыми тұжырымдаманы, ғарыштық технологияларды коммерцияландыруды және білім беруді ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуге, Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасын және оны аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарында қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған. Жобамды жүзеге асыруға бар күш-жігерімді саламын», – деді жас ғалым.

Толығырақ «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің материалында