Пресс-центр/
Жаңалық

Комплаенс қызметі 2023 ж. жұмыс қорытындысын шығарып, 2024 ж. міндеттерді белгіледі

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 29.03.2024

АСТАНА - Екі күн ішінде, 2024 жылдың 27-28 наурызында комплаенс офицер Боран Дүйсенов «РҒБО» АҚ орталық аппаратының, «Ақкөл» ҒБО және «Көктерек» ҒБО еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2023 жылға арналған «РҒБО» акционерлік қоғамындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының қорытындылары, сондай-ақ 2024 жылға арналған алдағы іс-шаралар талқыланды.

Боран Төлегенұлы өз баяндамасында «РҒБО» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға тоқталды. Комплаенс офицер атап өткендей, тексеру барысында акционерлік қоғамның 2023 жылға арналған қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ, бірақ кейбір ескертулер болды (сыбайлас жемқорлық сипатында емес).

Есепті кезеңде Қоғамның Басқарма Төрағасына квазимемлекеттік сектор субъектілері жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, іскерлік этиканы, адалдықты және ерікті бәсекелестік қағидаттарын міндетті түрде сақтауын көздейтін нормаларды енгізу бөлігінде бірнеше ұсынымдар жіберілді

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру шеңберінде Басқарманың лауазымды тұлғаларымен және мүшелерімен, департаменттер мен басқармалардың басшыларымен өзара іс-қимыл және акционерлік қоғамның бизнес-процестерін жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізілді.

Акционерлік қоғамның қызметкерлері мен лауазымды адамдары (контрагенттер) арасында әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына тұрақты мониторинг және салыстыру (тексеру) жүргізіледі.

2023 жыл ішінде 87-ден астам құжат қаралды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінен қорытындылар мен келісулер енгізу бойынша Қоғам Басқармасының отырысына енгізілген қызметтік және түсіндірме жазбалардың жобалары және құрылымдық бөлімшелердің шешімдерінің (өкімдерінің) жобалары.

Жиналысқа қатысушылар «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің 03.01.2024 жылғы шешімімен бекітілген «РҒБО» АҚ қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықпен» таныстырылды.

Комплаенс офицердің есептік баяндамасымен толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.

2024 жылдың 2 тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі 30-ға жуық қызметкерді Қоғамның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары үшін «ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі» тақырыбы бойынша оқытуды жоспарлап отыр.