Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Ақкөл» ҒБО ұжымымен кезекті кездесу өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 21.06.2024

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Болат Дүйсенов «Ақкөл» ҒБО еңбек ұжымымен кездесу өткізді, оның барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Іскерлік этика кодексінің және Корпоративтік басқарудың нормалары мен талаптары талқыланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға баса назар аударылды.

Боран Төлегенұлының айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылымдық бөлімшелер қызметінің барлық бағыттары, бизнес-процестердің жұмысын дамыту және жақсарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша 2023 жылғы және 2024 жылғы 5 айдағы құрылымдық бөлімшелердің есептерінің материалдарын зерделеді.

«Кәсіпорын бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: Қоғамның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде; мүдделер қақтығысына байланысты және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша және өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», - деп түсіндірді комплаенс-офицер.

Комплаенс-офицер сондай-ақ жақында Директорлар кеңесімен бірлесіп қабылданған ішкі нормативтік құжаттарға: «РҒБО» АҚ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа», «Қоғамның барлық қызметкерлерінің 2024 жылы тұрғылықты жері бойынша салық қызметтеріне декларацияны уақтылы ұсынуы туралы» және басқа да мәселелерге назар аудара отырып, ғарыштық байланыс инженерлерінің жұмыс орындарын көрді.

Пікір алмасты, Б. Дүйсенов қойылған сұрақтарға жауап беріп, жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары бойынша түсініктеме берді.