Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ командасы Digital Drive спорттық іс-шарасына қатысты

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 10.11.2025

«Цифрлық диск: Бірлік пен прогресс энергиясы» ұранымен өткен ірі спорт мейрамы Цифрландыру күніне арналды. Жарысқа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 13 IT командасы, ведомстволық ұйымдары және кәсіпорындары қатысты.

«РҒБО» АҚ командасының басым бөлігін тимбилдингте «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының инженерлері құрады.

Спорттық эстафеталар, командалық жарыстар, мерекелік атмосфера елдің цифрлық болашағын құратын мамандарды біріктірді. IT саласының үздік өкілдеріне вице-премьер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев марапаттар мен алғыс хаттарды табыс етті.

Digital drive қатысушылары айтқандай, жарыстың ерекшелігі - командалар әр түрлі компаниялардан құрылды және командалық рух пен ортақ мақсатқа ұмтылуды сақтау маңызды болды.