Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ-да азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулары өтті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 24.07.2025

2025 жылғы 24 шілдеде «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде «Азаматтық қорғау құралымдарының және «РҒБО» АҚ қызметкерлерінің жұмыс орындарында болғанда өрт туындаған кездегі практикалық іс-қимылдары» тақырыбында штабтық жаттығу өткізілді.

Тренингтің мақсаты «РҒБО» АҚ тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қоймасында өрттің туындауын елестету болды. Штабтық жаттығудың мақсаты – өрт туындаған кезде практикалық іс-әрекеттер мен дұрыс әрекет дағдыларын дамыту.

Жаттығу барысында қызметкерлер шартты өртті сөндіру және эвакуациялық және құтқару іс-шараларын жүргізу процесінде ұйымдастырылған іс-қимылдарды көрсетті. Жаттығудың мақсаты орындалды.

Өткен іс-шара - «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының – Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен бекітілген кешенді оқу-жаттығу өткізу жоспарының бөлігі.

13.03.2024 жылдағы бірінші кезеңде қызметкерлерге «РҒБО» АҚ іс жүргізу архивінде шартты өрттің туындауы және осы жағдайдағы қызметкерлердің әрекет ету алгоритмі туралы ақпарат жеткізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша шартты өртті сөндіру және эвакуациялық және құтқару іс-шараларын жүргізу процесінде орталық кеңсе қызметкерлерінің ұйымдастырылған іс-әрекеттері атап өтілді. Сондай-ақ, «РҒБО» АҚ архивінің өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында ескертулер мен ұсынымдар берілді.