Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ-да ғарыш апталығы

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 14.04.2023

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – Космонавтика күні қарсаңында «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына 200-ге жуық бала – Ақкөл қаласындағы үш білім беру мектебінің, үш балабақшаның оқушылары, Көкшетау қаласынан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және 55209 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің балалары келді.



«Ақкөл» ҒБО директоры Қайрат Телғарин мен инженерлер жас қонақтарға Орталықта экскурсия жүргізіп, «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің жұмысы туралы айтып берді. «Біз бүкіл елімізді байланыспен қамтамасыз ететін осындай маңызды ғарыш нысанының біздің қаламызда және облысымызда жұмыс істеп жатқанына қуаныштымыз және мақтанамыз», - деді мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісті.

***

12 сәуірде «РҒБО» АҚ орталық аппаратында Жер адамының тұңғыш ғарышқа ұшқанына 62 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Кәсіпорынның үздік қызметкерлері басшылықтың грамоталарымен және алғыс хаттарымен ынталандырылды.

***

12 және 14 сәуірде Басқарма төрағасы бастаған «РҒБО» АҚ делегациясы құрметті қонақтары қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров болған ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ салтанатты іс-шараларына қатысты. «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының инженерлері Максим Куцев пен Айбек Тілеулиев «Қазғарыштың ашық есік күні» бағдарламасы аясында оқушылар мен студенттерге «Kazsat» жерсеріктік байланыс және хабар тарату жүйесі туралы айтып берді.