Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО 20 жыл» айдары

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 14.03.2024

«Көктерек» резервтік ғарыштық байланыс орталығы

«Көктерек» резервтік ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің құрамдас және маңызды бөлігі болып табылады. Бұл бірегей нысан негізгі, жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының аналогы ретінде 2013 жылғы 28 маусымда пайдалануға енгізілді. 2013 жылдың қазан айында орталық «KazSat-3» жобасына сәйкес жаңартылып, қайта жаңғыртылды.

Резервтік орталықтың арқасында бүкіл ғарыштық жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігі, тіпті экстремалды жағдайларда да байланыстың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Электр қуаты өшіп қалған немесе төтенше жағдайлар орын алған жағдайда Қазақстандық ғарыштық байланыс жүйесі резервтеу есебінен жұмысын жалғастырады.

Өзінің резервтік басқару кешенінің болуы Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жерсеріктердің жұмысын резервтеу арқылы үлкен соманы үнемдеп қана қоймай, тұтынушыларға қызмет көрсетудің қосымша техникалық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Роман Ермашов, «Көктерек» ҒБО директоры - бас инженер

– Мен Республикалық ғарыштық байланыс орталығының (РҒБО) командасына 2011 жылдың мамыр айында қосылдым. РҒБО-ның бұрынғы басшысы Виктор Дмитриевич Лефтердің маған қойған міндеті жерүсті басқару кешенінің құрылысын бақылау, техникалық қадағалау болды. Әрине, далада технологиялық объект құру оңай болған жоқ: ыстық, суық, электр желілері жоқ, құрылыс алаңы түгелдей дизельдік генератордан қуат алатын, вагоншаларда тұрдық...Негізгі ғимараттар мен құрылыстар салынған кезде мен, орталық директорының міндетін атқарушы ретінде, технологиялық жағына: жерүсті антенна жүйесіне, байланыс мониторингі жүйесіне жете назар аудара бастадым. Мен тағылымдамадан өткен «Ақкөл» ҒБО әріптестерімнің көмегінің арқасында энергетикалық жүйенің ерекшеліктерімен таныстым, осылайша құрылыстың бастапқы кезеңінде жаңа орталықта нені жетілдіру және жаңғырту қажет туралы толық көрініс пайда болды. 2013 жылғы 28 маусымда «Көктерек» резервтік жерүсті басқару кешені (РЖБК) пайдалануға берілді. Бұл үлкен адам бақыты, жаңа, заманауи ғарыш инфрақұрылымы объектісін жасағанымыз үшін мақтаныш болды. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің алға қойған міндеті – негізгі «Ақкөл» ҒБО жұмысын резервтеу - орындалды.

Телепорт туралы

«Көктерек» негізінде телепорт жасау идеясы бірден пайда болды. Пайдалану кезеңі 2013 жылы басталды. Резервтік кешен – бұл жерде ақша жұмыс істемейтін. Объектіні, қызметкерлерді және барлық жүйелерді ұстау үшін ақша қажет. Пайдалану шығындарын қалай өтеуге болады, транспондер сыйымдылығын жалға алу арқылы ғана емес, өзіңізді тағы қалай қамтамасыз етуге болады? Мен «жерсеріктік сигналдарды көтеру/қондыру» қызметі - «Pre-hubbing» қызметтерін ойлап таптым. Бұл «Kazsat» сериялы жерсеріктерінің бортында трафикті көтеру/қондыру және қызметті Қазақстанның кез келген нүктесіне, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің аумағына жеткізудің техникалық мүмкіндігін ұйымдастыру. Жалпы телепорт қызметтері жерсеріктік операторларға өздерін толық тәуелсіз байланыс инфрақұрылымымен және жерүсті арналарын резервтеу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Телепортты ұйымдастыру үшін бізде 70-80% техникалық жабдық болды, қайта жабдықтауға 100 миллион теңгеге жуық қаражат қажет болды. Біз жаңғыртуды белсенді түрде қолға алдық. Сонымен, шығындар жасалды, бәрі дайын болды, бірақ клиенттер болмады... Бұл менің өмірімде өте қиын кезең болды: психологиялық тұрғыдан: шынымен бәрі бекер болды ма? деп түсіну қиын болды. Бірінші кезекте «Астел» келді, одан кейін телепортымызда оның толық сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сервер мен телекоммуникациялық жабдықты орналастырғысы келетін басқа байланыс операторлары келді. Сөйтіп, 2,5 жылда телепорт барлық шығынды өтеп, таза пайдаға жетті. Бүгінгі күні телепорттың даму әлеуеті зор.

Андрей Парфенов, «Көктерек» ҒБО орталық жерсеріктік станциясын басқару жөніндегі жетекші инженер

Мен Көктеректе 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс істеймін, оған дейін «Нұрсатта» жұмыс істедім. Жұмыста үзіліс болды, енді мен қызметке оралдым. Алғашқы жылдардағы естеліктерден қалған негізгі әсер: еңбекке деген құштарлық, ұжымшылдық, кешен салуға үлкен міндет жүктелді және бұл тапсырма орындалды. Байланысшы ретінде мен үшін мұның бәрі жаңа, бірақ өте қызықты болды. Маған сеніп, осы жобаға шақырған Виктор Дмитриевичке алғысым шексіз. Ақкөлден жігіттер бізге көп көмегін тигізді, еңбектеріне жанын салды

Бүгінгі күнге келетін болсақ, біздің «Көктерек» ҒБО жаңа қызметтерді игеруге тырысуда. Енді кәсіпорынға шалғай жетуі қиын ауылдық елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету міндеті тұр. Алға қарай жүріп келеміз. Қалыпты жұмыс процесі жүріп жатыр. Жаңа жұмыстардың бірі – өзіміздің байланыс желісін құру. Алғашқы сынақ Байқоңырда өтті, біз «Бәйтерек» ұшыру кешеніне өз станциямызды орнаттық, енді байланыс қызметін өзіміз де көрсете аламыз. Біздің жеке желіміз, Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзіміздің РҒБО терминалы - бұл да символикалық нәтиже.

Золотарев Денис Борисович, директордың орынбасары – энергетикалық қамтамасыз ету және инфрақұрылым қызметінің басшысы

16 жыл РҚБО-да жұмыс істеймін, оның 4 жылы «Ақкөл» ҒБО-да, 12 жылы «Көктерек» ҒБО-да. Мамандығым бойынша инженер-электрикпін, Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетін бітірдім. Біздің екі ғарыштық байланыс орталығын салыстыруға бола ма деген сұраққа мен бірден бір нәрсені айтамын: екеуі де бірегей. Орталық Азия елдерінде мұндай нысандар жоқ шығар.

Әрине, «Көктерек» нөлден тұрғызылды және бұл жерде «Ақкөл» ҒБО құрылысы кезінде жіберіп алған барлық жағдайлар ескерілді. Мәселен, өз тарапымнан орталыққа энергетикалық қызмет көрсетуге келсек, Ақкөлден кейін энергетикаға қатысты барлығы ойластырылған, көп нәрсе ескерілген деп айта аламын. Технология тұрғысынан, сөзсіз, барлық процестер мен жабдықтар айтарлықтай жетілдірілді. Ал біздің қызметіміздің міндеті – біздің орталық аумағында орналасқан бірегей жабдыққа қызмет көрсету.

Біздің байланыс жерсеріктерінің жұмысын резервтеу негізгі міндетінен басқа, орталық бір уақытта ілеспе қызметтерді көрсету және ГСЕО жоба бойынша шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатумен айналысады. Өмірлік кредоға келетін болсақ, ол: «күнделікті еңбек – адал, ар-ождан, кәсіби», ал ұраны олимпиадашылар сияқты: «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Мен немен мақтана аламын? десек, біздің техникамыз ең жақсы жағдайда екеніне мақтанамын.

Ерғали Нұрлан Болатұлы, директордың орынбасары – Өндірістік-технологиялық қамтамасыз ету қызметінің (ӨТҚҚ) басшысы

2006 жылдың 1 шілдесінен бастап РҒБО-да жұмыс істеймін, инженер болдым, «Ақкөл» ҒБО секторының меңгерушісі болдым, 2020 жылдың қазан айынан бастап «Көктерек» ҒБО-да еңбек етемін. 8 инженері бар қызметіміздің басты мақсаты – орталықтың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және кез келген сәтте резервтік көшірмеге дайын болу. Осындай жағдайлар болды ма? Иә, Ақкөлде үздіксіз қуат көзімен проблемалар туындағанда біздің Көктерек бір ай бойы негізгі орталықтың жүгін көтерді. Жұмыстағы үйлесімділік, қатаң тәртіп, кәсіби шеберлік – табысты еңбектің негізі. «Көктерек» ҒБО ерекшелігі – мұндағы функционалдылық кеңірек, мүмкін одан да арта түсер.

Сергей Примак, ӨТҚҚ жетекші инженері

Ең бірінші күн, 2015 жылдың 12 мамырынан бастап ӨТҚҚ-де жұмыс істеймін. Мен, кейін Байланыс институты болып ауысқан, Энергетика институтын, «өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірдім. Маған біздің РЖБК ұнайды, өйткені ол үнемі жаңартылып отырады және қосымша байланыс қызметтерін кеңейту үшін өз ресурстарын пайдаланады. «Көктерек» ҒБО жұмысын - тұрақтылық, сенімділік және жоғары жауапкершілік деп сипаттауға болатын шығар.

Татьяна Силина, клинингтік бөлімнің басшысы

Нысанды күтіп ұстау: абаттандыру, тазалау, орталық аумағын күтіп ұстау, нысанды қадағалау, қызметкерлердің жұмыс істеуіне жақсы тұрмыстық жағдай жасау, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс – бұл мен он жылдан астам басқарып келет жатқан клинингтік бөлімнің міндеті.

Белгілі болғандай, орталық ішінде ерекше жайлылық сыйлайтын бірнеше ондаған гүлді Татьяна Андреевна өзі өсіріп, отырғызған. Ал бірінші қабаттағы холлда тұрған үлкен гүлдер орталықпен бірге осы он жыл бойына өсіп келген байырғы гүлдер.

Әсем сәндік ағаштар, Ақкөлден әкелінген қарағайлар отырғызылған орталық аумағы, түрлі-түсті гүлзарлар, жеміс бағы – осының бәрі шаруашылыққа құлшыныс танытқан, басшысы Татьяна Силина бастаған клинингтік бөлімнің қамқор қызметкерлерінің еңбегі.

РҒБО мерейтойы қарсаңында «Көктерек» ҒБО қызметкерлерімен кездесу соңында кәсіпорнымыздың бастауында тұрған, ЖБК-ін құрған көптеген адамдарға, кәсіби мамандар ұжымына жылы лебізімізді білдірдік және «РҒБО» АҚ-ның барлық ұжымына жаңа жобалар, өркендеу мен табысты жұмыс тіледік.