РҒБО-да мерекелер шоқжұлдызын атап өтті

Наурыз «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымы үшін ерекше ай. 2025 жылғы 18 наурызда компания құрылғанына 21 жыл толғанын атап өтті. Компания тарихы 2003 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мемлекеттің жарғылық капиталына 100% қатысуымен «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданған кезде басталды.
2004 жылдың 18 наурызында заңды тұлға – «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл күн маңызды мемлекеттік міндет – Қазақстанның ғарыштық байланысын құру жүктелген компанияның туған күні болды.
Осы мереке күні құттықтаулар «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымына ғана емес, қазақстанның ғарыштық байланысын дамытуға және мұрагерлерді тәрбиелеуге үлес қосқан зейнеткерлерге де жолданды.
Биылғы жылы сондай-ақ 18 наурызда «РҒБО» АҚ-да ұрпақтан-ұрпаққа берілетін бай мәдениет пен дәстүрді бейнелейтін Қазақстанның Ұлттық киім күні атап өтілді.
20 наурызда ұжым көктем мерекесі Наурыз мейрамын атап өтті!
«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев өз құттықтауында РҒБО-да көктемгі күн мен түннің теңелуін, табиғаттың күнтізбесі бойынша жаңа жылды бейнелейтін бұл мерекені бүкіл ұжым болып атап өту дәстүрге айналғанын атап өтті.
Көктемнің осы мерекелік күндерінде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ барлық әріптестеріне, достарына, серіктестеріне амандық, жақсылық, келісім, тыныштық және бейбіт болашақ тілейді.
