Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ-да инженерлік-техникалық құрам аттестаттаудан өтуде

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 23.11.2023

АСТАНА-АҚКӨЛ. Меншікті ақпарат - 2023 жылғы 22 қарашада «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының инженерлік-техникалық персоналын жыл сайын аттестаттау басталды.

Аттестаттау комиссиясының құрамында тәжірибелі мамандар, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бар. Аттестаттау комиссиясының төрағасы, «РҒБО» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің жетекшісі Виктор Дмитриевич Лефтер атап өткендей, аттестаттаудың мақсаты – қызметкердің білім деңгейінің, еңбегінің, жеке қасиеттерінің орындалатын қызмет талаптарына сәйкестігін бағалау ғана емес, сонымен қатар оның ғарыштық байланыс инженері ретіндегі әлеуетін анықтау, жас қызметкерлердің білімі мен практикалық дағдыларын дұрыс бағытқа бағыттау.

Өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия кадр резервіне қабылдау бойынша ұсынымдар береді, деректер негізінде біліктілікті арттыру жоспары әзірленеді.

«Ақкөл» ҒБО ИТҚ аттестациясы 22-24 қараша аралығында жалғасады, «Көктерек» ҒБО инженерлері 27-28 қарашада аттестатталады, деп хабарлады кадр басқармасы.

Аттестаттау комиссиясының мүшелері Комиссияның бірінші отырысынан алған әсерлерімен бөлісіп, жас мамандардың техникалық білімінің жоғары деңгейін және ғарыштық байланыс инженерлерінің жақсы сабақтастығын атап өтті.