Пресс-центр/
Жаңалық

Үстел теннисінен Қазғарыш Төрағасын

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 03.04.2024

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – Келе жатқан Космонавтика күніне орай ADD Table Tennis Center жаңа үстел теннисі орталығында Қазғарыш Төрағасының Кубогы үшін үстел теннисінен турнир өтті.

Турнирге барлығы 8 команда қатысты – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «РҒБО» АҚ, «Ғалам» БК, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті, ҚР ЦДИАӨМ «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК, «Қазгеодезия» РМК өкілдері.

Байқауға қатысушыларды ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов қарсы алды.

Бес сағатқа созылған жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды KAZSAT командасы («РҒБО» АҚ), 2-орынды Топ-спин командасы (ҚР ЦДИАӨМ «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК), 3-орынды GHALAM командасы («Ғалам» ЖШС) иеленді.

Турнирдің әйелдер арасындағы үздік ойыншысы болып Татьяна Бородина (РҒБО), ерлер арасында Ерлан Туғанбаев («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ) үздік ойыншы атанды.

Турнирдің ұйымдастырушысы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ болды.

Турнир жеңімпаздарын ресми марапаттау және ауыспалы Кубокты ұсыну 12 сәуірде Ұлттық ғарыш орталығында салтанатты жиында өтеді.

РҒБО командасын - Еркін Шаймағамбетовты, Татьяна Бородинаны және капитан Роман Акимовты лайықты жеңісімен құттықтаймыз!