Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ мен «Нет Солюшенс» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Автор - АСТАНА. ПРЕСС-СЛУЖБА МЦРИАП
Аудармашы - ЦДИАӨМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Күн: 14.09.2023

АСТАНА. ҚР ЦДИАӨМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ - 14 қыркүйекте "РҒБО"АҚ мен "Нет Солюшенс" ЖШҚ арасында Тәжікстан Республикасының жекелеген ауылдық елді мекендерін "KazSat"ғарыштық байланыс жүйесін пайдалана отырып Интернет желісіне қосу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бөлігінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

"РҒБО" АҚ мен "Нет Солюшенс" ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту шеңберінде "KazSat-3"ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Техникалық мәселелер пысықталды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша еліміздің 50-ге жуық шалғай ауылдарында Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.