Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «РҒБО» АҚ қызметкерлері марапатталды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 15.12.2022

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «РҒБО» АҚ орталық аппаратында «Ақкөл», «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарымен, «Жангелдин, 34» кеңсесімен бейнебайланыспен салтанатты шара өтті.

Әріптестердің алдында «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев, Ғылыми-техникалық кеңестің басшысы Виктор Лефтер, «РҒБО» АҚ кеңесшісі Еркін Шаймағамбетов, «Ақкөл» ҒБО директоры Қайрат Телғарин және «Көктерек» ҒБО басшысы Роман Ермашов құттықтау лебіздерімен сөз сөйледі.

Кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері Ұлыхан Райсханов Басқарма төрағасының «Қазақстанның ғарыштық байланыс ардагері» медалімен ұжымда он жылдан астам жемісті еңбек етіп жүрген жеті қызметкерді марапаттау туралы бұйрығын оқыды. Олардың қатарында Борис Каримов, Ерлан Досымбаев, Болат Егеубаев, Александр Яцук, Жанара Алдабергенова, Айман Қазкенова, Болат Сейітов бар. Ардагерлерге марапатты РҒБО басшысы табыс етті.

Сондай-ақ атаулы датаға орай және Қазақстанның ғарыштық байланысын дамытуға қосқан үлесі үшін он бір қызметкер «РҒБО» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.