Пресс-центр/
Жаңалық

РҒБО Қазғарыш төрағасының кубогына үстел теннисінен турнирге қатысты

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 22.05.2023

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – «РҒБО» АҚ қызметкерлері Қазғарыш төрағасының кубогына үстел теннисінен турнирде екінші және үшінші орын алды.

Жарыс ADD Table Tennis Center Astana Жаңа үстел теннисі орталығында өтті. Турнирді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) ұйымдастырды.

Турнирге 4 команда қатысты, екі команда – «Омега» және «Орион» командалары «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ (ҚҒКЖ), сондай-ақ екі команда – «KazSat» және «Кристалл» АҚ «РҒБО» АҚ атынан қатысты.

Әр команда үш қатысушыдан тұрды - екі ер адам және бір әйел (барлығы 12 адам), ойындар айналма жүріспен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Омега» командасы («ҚҒС» ҰК» АҚ) жеңімпаз атанды. 2 орынды «KazSat» командасы («РҒБО» АҚ) иеленді. Турнир қорытындысы бойынша 3 орынды «Кристалл» командасы («РҒБО» АҚ) иеленді.

Барлық жүлдегер командалар тиісті дәрежедегі медальдар мен дипломдарға ие болды, ал турнир жеңімпазы ауыспалы Кубокты жеңіп алды, оны биыл сақтап қалды.

Әйелдер арасындағы турнирдің үздік ойыншысы: Бородина Татьяна Вячеславовна – «KazSat» командасы («РҒБО» АҚ).

Ерлер арасындағы турнирдің үздік ойыншысы: Тойымбетов Арман Жанкеевич – «Омега» командасы («ҚҒС» ҰК» АҚ).