Пресс-центр/
Жаңалық

Қазақстан Республикасы күнін атап өту

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 24.10.2025

Еліміздің басты ұлттық мерекесі - Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарын онлайн қоса отырып, мейрам күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға қатысушыларға 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданған осы күннің тарихы, Республика күні ұлттық мереке мәртебесін қалай алғаны туралы еске салынды.

Әріптестерді айтулы күнмен құттықтай отырып, «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев: «Бүгінде еліміздің егемендігі бұрыннан бар нәрсе ретінде қабылданады. Бірақ Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының еңбегінің нәтижесі болғанын әрдайым есте ұстаған жөн. Біздің алдымызда, олардың ұрпақтары, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау және нығайту деген жоғары мақсат тұр. Егер РҒБО-ға қатысты айтатын болсақ, онда біздің компанияның әлеуметтік-экономикалық даму мен ақпараттық тәуелсіздікке қосқан үлесі айқын. Бұл біздің табысты жұмысымыз - тұрақты байланыс ұсыну, бүкіл елдің телевизиялық хабар таратуын қамтамасыз ету, Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде деректерді беру», - деп атап өтті.

Мереке құрметіне «РҒБО» АҚ қызметкерлерінің бір тобына Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара соңында Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әріптестеріне «Атамекен» патриоттық әнін орындап, музыкалық сый тарту етті.