Пресс-центр/
Жаңалық

Әйел, ғарыш, көктем…

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 07.03.2024

«РҒБО» АҚ ұжымында отыз пайызға жуығы (27,8%) әйелдер, олар негізінен заңгерлік, қаржы-экономикалық, кадрлық қызметтерді және «Kazsat» байланыс және хабар тарататын ғарыш аппаратын басқару үшін тәулік бойы күзет жүргізетін ғарыштық байланыс инженерлерінің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, логистикалық қызметтерді көрсетеді.

РҒБО ұжымында кәсіпорын құрылған алғашқы күннен бастап еңбек етіп келе жатқан және бүгінде Қазақстандағы ғарыштық байланысты дамытудың стратегиялық маңызды бағыттарын басқарып отырған инженер-әйелдер алтынмен тең.

«KazSat» сериялы ғарыш аппараттарын жерүсті басқарудың негізгі кешені – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында (ҒБО) елуге жуық ғарыштық байланыс инженерлері жұмыс істейді, олардың төртеуі әйелдер – Эльвира Байгалтинова, Наиля Канахина, Дарья Комарова және Карина Пангереева.

Орталық кеңседе Жобалық кеңсе құрылып, онда инженер-әйелдер де жұмыс істейді. Бұл Юлия Николаевна Гребенюк – Жобалық кеңсенің басшысы және Татьяна Вячеславовна Бородина – бас сарапшы.

Кәсіпорын ардагерлерінің қатарында бас экономист Олеся Мелентьева, бухгалтер Гүлнар Асанова, бас бухгалтер Күмісай Садубаева, сатып алу басқармасының бас менеджері Наталья Зиновьева, ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Марина Федоренко бар.

Мереке күндері РҒБО баспасөз қызметі ЦДИАӨМ баспасөз қызметімен бірлесіп Жобалық кеңсенің қызметкерлері Юлия Гребенюкпен және Татьяна Бородинамен «Жұлдыз тәріздес қыздар» сұхбатын дайындады. Бейне kazsat_kz ресми instagram парақшасында жарияланды.