Пресс-центр/
Жаңалық

Жаңа 2023 жыл құтты болсын!

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 30.12.2022

Міне, 2022 жыл да аяқталды. Жалпы бұл «РҒБО» АҚ үшін сәтті болды. РҒБО қызметкерлері «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, оның шетелдегі клиенттерінің желісін кеңейтті. Негізгі көрсеткіштер бойынша РҒБО еліміздің ұлттық байланыс операторы ретіндегі позициясын нығайтты.

Жаңа 2023 жылға РҒБО «Kazsat» спутниктерінің ұлттық шоқжұлдыздарын көбейту және дамыту, еліміздің шалғай ауылдарын интернетпен қамтамасыз ету, ғарыштық байланыс орталықтарын жаңғырту, жаңа ғарыштық технологияларды пайдалану, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және басқа да көптеген жоспарларды белгіледі.

Соңғы үш пандемия жылында алғаш рет барлығына жиналып, алдағы Жаңа жылды тойлауға мүмкіндік туды.

«РҒБО» АҚ барша қазақстандықтарды, серіктестерін, шетелдік әріптестерін Жаңа 2023 жылмен құттықтайды! Біз әрқашан ғарышпен байланыстамыз!