Пресс-центр/
Жаңалық

Комплаенс-офицер «Көктерек» ҒБО еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 16.09.2024

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ - «РҒБО» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. 2024 жылғы 12 қыркүйекте «РҒБО» АҚ комплаенс офицері Боран Дүйсенов Алматы облысына барып «Көктерек» ҒБО ұжымымен кезекті кездесу өткізді.

Б. Т. Дүйсенов Орталық қызметкерлерін 2023 жылғы және 2024 жылғы бес айдағы «РҒБО» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша №4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл типтік базалық бағытын (ТББ) іске асыру жөніндегі жұмыс туралы сөз болды.

Бірінші мәселе бойынша комплаенс-офицер «РҒБО» АҚ ішкі талдауды тексеру қорытындылары тиісті мемлекеттік органдарға жіберілгенін, компания басшылығына акционерлік қоғам қызметіндегі 11-ден астам ескертулер мен ұсыныстарды (сыбайлас жемқорлық сипаты жоқ) жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылғанын атап өтті.

Осыған байланысты, Басқарма төрағасының «РҒБО» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығы шығарылды, онда қысқа мерзімде шаралар қабылдау туралы айтылды.

Тексеру шеңберінде Орталық аппарат, «Ақкөл» ҒБО (20.06.24), «Көктерек» ҒБО қызметкерлерімен онлайн режимінде, акционерлік қоғамның Басқарма мүшелерімен, департаменттер мен басқармалардың басшыларымен жұмыстардың өзара іс-қимылы және Қоғамның бизнес-процестерін жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде Қоғамның нормативтік-құқықтық құжаттарын және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерделеу бойынша бірқатар консультациялар мен кездесулер өткізілді.

Акционерлік қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдауды тексеру қорытындысы бойынша 11 ескертулер (сыбайлас жемқорлық сипатындағы емес) мен ұсынымдардың бүгінде 4 тармағы жойылғанын атап өткім келеді.

№ 4 ТББ жобасын іске асыру мәселесін талқылау кезінде комплаенс офицер ҚР Заңында Қоғамның лауазымды тұлғаларына, егер мүдделер қақтығысы орын алса, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады деп көрсетілгенін атап өтті. 2023 жылғы тексеру қорытындысы бойынша басшылық тарапынан жойылған мүдделер қақтығысының бір фактісі (жанама) анықталды. Сондай-ақ, «2024 жылы декларацияны міндетті және уақтылы ұсыну туралы» қаржылық бақылау шаралары түсіндірілді.

«РҒБО» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде ақпараттың ашық көздерінде сыбайлас жемқорлық сипатының болуына мониторинг, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар/қылмыстар жасауға тексеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Кездесу соңында комплаенс офицер сұрақтарға жауап берді, мамандардың жұмыс орындарын көрді, «Көктерек» ҒБО аумағындағы аяқталуға жақын қалған «OneWeb» шлюз станциясы құрылысының барысымен танысты.