«Kazsat-2» байланыс жерсерігі орбитада 14 жыл

Осыдан 14 жыл бұрын, 2011 жылғы 16 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігі ұшырылды. 86,5 шығыс бойлық орбиталық нүктеде геостационарлық орбитада орналасқан жерсеріктің белсенді қызмет ету мерзімі 12,5 жылға есептелген.
2021 жылы жүргізілген техникалық аудит негізінде «Kazsat-2» жерсерігінің болжамды қызмет ету мерзімі 2023 жылдан 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Бұл «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы – ұшуларды басқару орталығы, байланыс мониторингі орталығы, жоспарлау, баллистикалық-навигациялық қамтамасыз ету бөлімдері инженерлерінің және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ бүкіл ұжымының жоғары кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды.
36 мың шақырымнан астам биіктіктегі ғарышта 5115 тәуліктік жұмыс – «Kazsat-2» жерсерігі орбитада жұмыс істегенінің он төрт жылдығын осылай атап өтуде. Бүгінгі таңда оның қызметтерін аймақтағы оннан астам ірі жерсеріктік операторлар белсенді пайдаланады, жерсерік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, тұрақты қамту аймағын қамтамасыз етеді. «Kazsat-2» «Kazsat-3»-пен бірге қалыпты режимде жұмыс істейді. Осылайша, «Kazsat-3» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі Қазақстанды байланыс қызметтерімен, телехабар таратумен, интернетке шығумен толық қамтамасыз етеді.
Ұшуларды басқару орталығының мамандары қазақстандық байланыс жерсеріктерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі міндеттерді атап өтті.
Бұл төтенше жағдайларды тиімді жою және жерсеріктің бортына ұшу тапсырмаларын жедел шығару. Бақыланбайтын ғарыш аппараттары мен ғарыштық қоқыс сияқты қауіпті ғарыш объектілерімен соқтығысуды болдырмауды тұрақты бақылау және дер кезінде жалтару жүзеге асырылады.
Ғарыш техникасына сапалы қызмет көрсетудің арқасында отынның оңтайлы жұмсалуына қол жеткізуге болады, бұл ғарыш аппараттарының қызмет ету мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік береді. Ал тәулік бойы бақылау, телеметриялық ақпаратты мұқият жинау және талдау «Kazsat» ғарыш жүйесінің тұрақты жұмысына кепілдік береді, ол елдің жерсеріктік байланыс және хабар тарату саласындағы технологиялық тәуелсіздігіне ықпал ете отырып, Қазақстанның ғарыш саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 20 жыл бойы екі жерсерік – «Kazsat -2», «Kazsat-3» қазақстандық жерсеріктік байланыс жүйесінің және Ақмола облысындағы «Ақкөл» және Алматы облысындағы «Көктерек» жерүсті басқару кешендерінің табысты жұмысын жүргізіп келеді.
Ғарыштық байланыс инженерлерінің жұмысы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз https://www.inform.kz/ru/sputnik-svyazi-kazsat-2-12-let-na-orbite-polet-normal-nyy_a4090278.
