Пресс-центр/
Жаңалық

Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 30.10.2023

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ибодзода Хайрулло мырза «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) жерүсті ғарыштық инфрақұрылымының негізгі нысаны «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына (ҒБО) барды.

Бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 14 қыркүйекте «РҒБО» АҚ мен «Нет Солюшенс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін пайдалана отырып, Тәжікстан Республикасының таңдалған ауылдық елді мекендерін Интернет желісіне қосу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тәжікстан елшілігінің делегациясы «Ақкөл» ҒБО мамандарымен бірге байланыс мониторингі орталығында болып, баллистика мамандарының жұмысымен танысты, ұшуларды басқару орталығында «Kazsat» байланыс жерсеріктерінің жұмысын онлайн режимде бақылап қайтты.

Сапар қорытындысы бойынша «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасы Мәлік Жүйріктаев пен Тәжікстан Елшісі Хайрулло Ибодзода «РҒБО» АҚ мен «Нет Солюшенс» ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту ниеттерін тағы бір рет растады, Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенін «KazSat-3» ғарыш аппаратының көмегімен қамтамасыз ету бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

Кеңеске «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Әркен Арыстанов қатысты.