Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 24.10.2025

«РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 23 қазандағы шешімімен Марлен Савитұлы Муханов «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

М.С. Муханов 1982 жылы туған.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін: құқық және экономика негіздері бойынша бітірген (1999–2003); Almaty Management University: корпоративтік басқару, Алматы, магистр (2012–2014); Executive MBA Graduate School of Business Nazarbayev University, Астана, магистр (2018–2020).

Ол өзінің еңбек өтілін 2003 жылы «ТұранӘлем Банкі» АҚ Жезқазған филиалында тағылымдамадан өтуші болып бастады, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімінің маманы, «ТұранӘлем Банкі» АҚ және «Нұрбанк» АҚ жетекші маманы, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2006 жылдан 2008 жылға дейін «Нұрбанк» АҚ-да сату бөлімінің басшысы, корпоративтік бизнес басқармасы басшысының орынбасары, корпоративтік бизнес басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан 2019 жылға дейін «Capital Holding» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Әр жылдары ол «Jet Airlines» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Нурполис» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап ол «KazInvestPro» ЖШС басқарды.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.