Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ үстел теннисінен Талғат Мұсабаев атындағы Ғарышкерлер кубогын жеңіп алды.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 04.10.2025

2025 жылдың 4 қазанында Жердің алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылғанына 68 жыл толуына орай ғарышкер Т.А. Мұсабаев кубогына үстел теннисінен турнир өтті.

Астана қаласының жаңа теннис орталығында ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің бірінші басшысы Талғат Мұсабаевты еске алуға арналған турнирге 8 команда қатысты.

Бұл ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) өкілдері, «KazSat» командасы («РҒБО» АҚ), «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ үш командасы: «SpaceJam», «Астра», «Prime» және «Ghalam» ЖШС екі командасы: «Ghalam-1» және «Ghalam-2».

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған жарыстардың нәтижесінде KAZSAT командасы («РҒБО» АҚ) 1 орынды, GHALAM-1 командасы («Ghalam» ЖШС) екінші орынды, ЖИЦДМ командасы (ҚР ЖИЦДМ және ЦҮҚО) жүлделі үшінші орынды иеленді.

Турнирдің үздік ойыншылары Татьяна Бородина («РҒБО» АҚ) және Жарқынбай Бақыт (ЦҮҚО) болды.

Әріптестеріміз Еркін Шаймағамбетовты, Роман Акимовты және Татьяна Бородинаны осы жеңісімен құттықтаймыз! Талғат Мұсабаев кубогы былтырғыдай «РҒБО» АҚ командасының еншісінде қалды.