Пресс-центр/
Жаңалық

«Қазақстандағы ғарыш күндері -2024» халықаралық форумына қатысуға шақырамыз

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 26.03.2024

АСТАНА. 2024 жылғы 19-20 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Астанада «Қазақстанның ғарыш күндері 2024» (Space Days Казахстан 2024) халықаралық форумын өткізеді. Оған 50-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардан 400-ден астам өкіл келеді деп күтілуде. Форум аясында ғарыш саласындағы түрлі мәселелер бойынша панельдік пікірталастар, сондай-ақ Жастар ғарыш форумы өтеді.

2024 жылғы 19-20 маусымда Астанадағы қазақстандық ғарыш қауымдастығына қосылыңыз. Тіркелу және форум туралы барлық ақпаратты https://www.spacedayskazakhstan.com сілтеме арқылы алуға болады.