Пресс-центр/
Жаңалық

Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - -
Күн: 04.08.2025

Қазақ халқының ғарышкер ұлы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабар қабырғамызды қайыстырды

Қазақ халқының ғарышкер ұлы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, Ресей Федерациясының генерал-майоры, Қазақстан Республикасының авиация генерал-лейтенанты, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралық ғылым академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Қ. Е. Циолковский атындағы Ресей космонавтика академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды терең қайғырып қабыл алдық.

Талғат Амангелдіұлының есімі әлемдік космонавтика тарихында мәңгілікке жазылған. Оның батылдығы, адалдығы, жоғары кәсібилігі, патриотизмі және Қазақстанның ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі шын жүректенқұрметтудырады.

Олғарышқа үш ретсамғап,ғарышкерғанаемес, сонымен қатар өзін Ұлттықғарыш инфрақұрылымын құруға және нығай туға арнағандана мемлекет қайраткері болды. Оның жұмысы мен жекеүлгісі жас мамандар мен ғалымдарды шабыттандырды.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев ғарышкер, Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы, мемлекет қайраткері ретінде Қазақстанның ғарыш саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Ғарышта үш рет, 341 тәуліктен астам болған алғашқы және жалғыз қазақстандық (1994,1998,2001) болып табылады, сонымен қатар «Мир» және ХҒС орбиталық станцияларында жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) төрағасы лауазымында (2007-2014 жылдар) ол отандық ғарыш саласының негізін құрды, оның жанында Қазақстанның ғарыш саласын қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасалды:

  • ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
  • Байқоңыр ғарыш айлағының қызметіне Қазақстанның қатысуын кеңейту;
  • «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру;
  • спутниктік байланыс пен жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру;
  • Астана мен Алматыда спутниктерді басқару орталықтарын құру;
  • KazSat,KazEOSat-1,KazEOSat-2сериялы жерсеріктердіұшыру;
  • ғарыш аппараттары өндірісінің жобалау-конструкторлық және технологиялық базасын құру;
  • жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін құру;
  • Ресей, Франция, Украина, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Израиль, БАӘ, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа елдермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • бірқатар елдермен ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын құру;
  • ғарыш қызметі саласындағы бірқатар нормативтік актілерді, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі туралы Заңын қабылдау;
  • қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты іріктеуге, даярлауға және ұшуға қатысу.
Мұсабаев ғарышқа ұшудың практикалық тәжірибесін, стратегиялық басқаруды және саланы дамытуға кәсіби көзқарасты біріктіре отырып, қазақстандық ғарышкерліктің символына айналды. Оның күш-жігерінің арқасында Қазақстан өзінің ғарыштық инфрақұрылымы бар елдердің әлемдік картасында орнықты.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Талғат Амангелдіұлының отбасына шын жүректен көңіл айтады.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.