Пресс-центр/
Жаңалық

Байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай «РБҒО» АҚ қызметкерлері марапатталды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Нургалиева Сара Кабиевна
Күн: 18.05.2026

17 мамыр күні Қазақстанда телекоммуникация желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланыс саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі – Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі.

Бұл мереке Қазақстан 1992 жылдан бері мүшесі болып табылатын Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) бекіткен Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орайластырылған.

«Бүгінде дәл осы техникалық мамандар желілік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын, телекоммуникациялық технологиялардың дамуын және елді мекендерді заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыр. Олардың кәсібилігі байланыс сапасына, интернеттің қолжетімділігіне және елдің цифрлық инфрақұрылымының тұрақтылығына тікелей әсер етеді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев.

Осы мерекеге орай «РБҒО» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев компанияның барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Жобалық кеңсе мен жоспарлау, сату және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сату және келісім-шартты қолдау бөлімінің мамандарына министірдің Алғыс хаттарын табыс етті.