«РҒБО» АҚ «Қазақстандағы ғарыш күндері -2025» халықаралық форумына қатысты.

АЛМАТЫ. РҒБО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ - 8-9 қыркүйекте Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Space Days Kazakhstan – 2025» (SDK-2025) халықаралық форумы өтті.
Әлемдік аэроғарыш өнеркәсібінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың және бизнестің жетекші өкілдерін жинаған форумға 50 елден 700-ден астам адам тіркелген.
SDK-2025 бағдарламасына сәйкес «РҒБО» АҚ өкілдері «Kazsat» ҒБЖ радиожиілік ресурсын тиімді пайдалану» воркшопын және «Жерсеріктік байланыс – жаңа міндеттер» секциясын өткізді, ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевты еске алуға арналған фотокөрме ұйымдастырды, Қазғарыш бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, студенттер мен жас мамандарға ғарыш саласындағы мансаптық перспективалар және ғарыштық байланыс саласындағы жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Воркшоп модераторы ретінде қатысқан «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының директоры Роман Ермашов атап өткендей, Hughes Networt Systems компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі бизнес бойынша аймақтық директоры Константин Ланинмен және Гилат Сателлайт Нетворкс Өкілдігінің техникалық директоры Марк Липковичпен кездесу сәтті өтті. «Біз геостационарлық орбитада жиілік ресурстарын үнемдеуге қатысты қолданбалы нәрселер туралы талқыладық, бұл өте өзекті мәселе болып қала береді. Шақырылған спикерлер осы саладағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, пікір алмасты. Қонақтар сондай-ақ «РҒБО» АҚ даму перспективаларымен танысты.
«Жерсеріктік байланыс – жаңа міндеттер» секциясы форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, онда «Kazsat» ұлттық жерсеріктік байланыс және хабар тарату жүйесін дамыту бойынша шетелдік серіктестердің ұсыныстары мен келешегі талқыланды. «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов форумда «Kazsat 3R» алмастырушы жерсерігін құру жобасын ұсынды. Кездесуге қатысушылар-қытайлық CAST-ITNS компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі директоры Чжоу Хуэй, Turkisah Aerospace Inc компаниясының ғарыш жүйелері жөніндегі вице-президенті Кузу Локман, Eutelsat-MENA FZLLC компаниясының ОА нарықтарға қол жеткізу және сату жөніндегі директоры Дмитрий Ветлугин әлемдегі жерсеріктік байланыстың дамуы туралы өз көзқарастарымен бөлісті. COMNEWS компаниялар тобын ұсынған Леонид Кониктің кәсіби модерациясының арқасында мазмұнды және қызықты пікірталас болды.
«РҒБО» АҚ «SDK-2025» халықаралық форумына қатысу қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаевтың атынан үш компаниямен: «Главкосмос» АҚ, «Ғалам» ЖШС, «Turkisah Aerospace Industries Inc» NDA келісімдеріне қол қойды.
Форумға қатысушылардың пікірінше, Алматыдағы кездесу ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әріптестікті нығайту және тәжірибе алмасу перспективаларын талқылау үшін жақсы алаң болды. ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов атап өткендей, «биылғы жылы SDK-2025 елдердің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Әл Фараби ат. ҚазҰУ базасында өткені кездейсоқ емес. Дәл осы жерде ғарыштық технологиялардың алғашқы кафедралары ашылды: болашақ ғарышы жастарға тиесілі".