Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР ЦДИАӨМ «Көктерек» ҒБО барды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 26.08.2025

ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Досжан Мұсалиев «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында жұмыс сапарымен болып, Қазақстанның жерүсті ғарыш байланысы нысанының инфрақұрылымымен танысты.

Орталық директоры Роман Ермашов вице-министрге «Kazsat» сериялы жерсеріктерінің техникалық және баллистикалық деректерін резервтік басқаруға, мониторинг пен бақылауға арналған Орталықтың жұмысы, Орталық аумағында орналасқан Телепорттың қызметтері туралы айтып берді.

Өздеріңіз білетіндей, «Көктерек» ҒБО әлеуеті оны тек нысаналы мақсаты бойынша ғана емес, сонымен қатар оның инфрақұрылымын өзінің жерсеріктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмыс істеуіне, сондай-ақ перспективалы жобаларды дамытуға мүдделі жерсеріктік байланыс компанияларына ұсынуға мүмкіндік береді.