Зияткерлер ойынында РҒБО командасы жеңіске жетті
2024 жылдың 11 қарашасында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай жыл сайынғы дәстүрлі IT BOOM зияткерлік сайысы өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар «Қазақтелеком» АҚ мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы болды.
IT қызметкерлерінің мерекелік жиынына қатысушылардың барлығын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.
«РҒБО» АҚ атынан Yeti sports атты командасын Әділ Түйгімбек (команда капитаны), Айсұлу Өміртасова, Расул Болатханұлы, Ерлан Досымбаев, Айдар Қайырбаев, Ләззат Жұманова, Абылай Кәрімов, Дидар Зарқұмов қорғады.
Биылғы жылы зияткерлік ойынға 20 команда (рекордтық сан) қатысты, бұл ретте ғарыштық тақырыптар бойынша сұрақтар болған жоқ, тапсырмалар цифрландыру және ЖИ мәселелеріне арналды. Соған қарамастан, «РҒБО» АҚ мамандары ең ақылды үштікке енді. Жігіттер айтқандай, олар жеңіске үміттенген жоқ, бірақ соңында жеңімпаздарға 1-2 ұпай ғана ұтылды. Айта кету керек, алдыңғы ойындарда РҒБО командасы IT BOOM-ның тұрақты көшбасшысы болды.
Сонымен, бірінші орынды «ИТЦ-шники» командасы (ҚР Президентінің іс басқармасы), екінші орынды «Парадигм» командасымен «Қазақтелеком» өкілдері, ал үшінші құрметті орынды «РҒБО» АҚ өкілдері иеленді.
Осылайша, әріптестеріміз тамаша маман, зиялы қауым мәртебесін тағы да растады. Оларды жеңісімен құттықтап, жаңа еңбек және шығармашылық табыстар тілейміз!