Пресс-центр/
Жаңалық

Отан қорғаушылар күнін мерекелеуі

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 06.05.2025

Отан қорғаушылар күні мен келе жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «РҒБО» АҚ және «Бәйтерек» БК» АҚ командалары бірлескен салтанатты жиын өткізді.

Мемлекеттік қауіпсіздіктің запастағы полковнигі, «Айбын» орденінің кавалері Еркін Сәрсенбаев Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетовке еңбек ұжымдарының салтанатты жиынға дайындығы туралы баяндады.

«РҒБО» АҚ және «Бәйтерек» БК» АҚ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, «Бәйтерек» БК» АҚ басшысы Айдын Айымбетов, «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев және «РҒБО» АҚ негізін салушыларының бірі Виктор Лефтер құттықтады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күнін және Жеңіс күнін салтанатты жағдайда, әскери техника элементтерімен атап өту РҒБО үшін бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ұжымның 20%-дан астамы кәсіпорында табысты еңбек етіп жүрген запастағы кадрлық офицерлер.

«Біз үшін мұндай іс-шараларға қатысу – майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу, Отан қорғаушыларға алғыс және табыс тілеу, жастарға Отанға қызмет етудің үлгісі», - деп атап өтті РҒБО қызметкері, запастағы полковник Ибрагим Есеркепов.