«РҒБО» АҚ комплаенс қызметкері «Көктерек» ҒБО ұжымымен кездесу өткізді

2025 жылдың 22 қыркүйегінде өткен «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының (Алматы облысы) қызметкерлерімен кездесу барысында комплаенс қызметкері Боран Дүйсенов 2024 жылға және 2025 жылдың бес айына «РҒБО» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы баяндады.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын қарау қорытындысы бойынша «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасымен кеңес өткізілді, онда бес ескертпе бойынша шаралар қабылдау және оларды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою мәселесі талқыланды. ««РҒБО» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. «РҒБО» АҚ ішкі талдау аудитінің нәтижелері тиісті мемлекеттік органдарға жолданды», - деп атап өтті Б.Дүйсенов.
Тексеру аясында орталық аппараттың, «Ақкөл» ҒБО (09.06.25), «Көктерек» ҒБО қызметкерлерімен онлайн режимде, акционерлік қоғамның Басқарма мүшелерімен, департаменттер мен басқармалардың басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша жұмыстың өзара іс-қимылы және Қоғамның бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде акционерлік Қоғамның нормативтік-құқықтық құжаттарын және ұйымдастырушылық-басқару қызметін зерделеу бойынша бірқатар консультациялар мен кездесулер өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі контрагенттермен шарттар жасасу кезінде құрылымдық бөлімшелер ұсынған құжаттарды (түсіндірме жазбалар мен Қоғам Басқармасы шешімдерінің жобалары) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде зерделер, тексереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық және ішкі нормативтік актілерді, іскерлік этика және корпоративтік басқару кодекстерін орындау бойынша жұмыс жүргізілуде». - деп атап өтті комплаенс қызметкері.
Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдауды тексеру қорытындысы бойынша бес ескертпе (сыбайлас жемқорлық емес сипаттағы) мен ұсынымдардың үшеуі шешімін тапқанын атап өтті.
Сондай-ақ комплаенс қызметкері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты» іске асыру бойынша «РҒБО» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, іскерлік этика кодексін, адалдықты, ерікті бәсекелестік қағидаттарын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Мысалы, Қоғамның лауазымды тұлғаларына, егер оларда мүдделер қақтығысы болса, олардың қызметтік міндеттерін орындауға тыйым салынады. Акционерлік қоғамда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғалар мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға міндетті.
«Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2025 жылы Декларацияны міндетті түрде және уақтылы тапсыру туралы» қаржылық бақылау шаралары түсіндірілді. Қоғамның сайтында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» бөлімі ашылып, онда Қоғам қызметіне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазымдардың тізілімі және олардың тізбесі» орналастырылып, жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі ашық ақпарат көздерінде сыбайлас жемқорлық сипатының болуын бақылауға, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар/қылмыстар жасауына тексеруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына ерекше көңіл бөледі.
Кездесу соңында комплаенс-офицер қойылған сұрақтарға жауап беріп, бизнес-процестердегі жұмысты жақсарту және өзара іс-қимыл бойынша жекелеген мәселелер бойынша қызметкерлерге нақты түсініктемелер берді.
Б. Дүйсенов құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жеке кеңес өткізіп, жұмыс орындарына барып, мамандармен әңгімелесті, «Көктерек» ҒБО аумағында «ОheWeb» жаңа базалық станциясының жұмыс барысымен танысты.
