Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ ғарыштық технологиялар бойынша халықаралық конференцияға қатысуда

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 31.03.2026

ТАШКЕНТ- 2026 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Өзбекстан астанасында Орталық Еуразиядағы ғарыштық технологиялар бойынша бесінші мерейтойлық конференция өтуде.

Форумға 20 елден 500-ден астам делегат – ұлттық ғарыш агенттіктерінің, ұлттық жерсеріктік операторлардың, Жерді бақылау жөніндегі ұлттық компаниялардың өкілдері және Орталық Еуразияның түкпір-түкпірінен ғарыш саласының мамандары қатысты.

ҚР ЖИЦДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Шуленбаев бастаған қазақстандық делегация «Space Technology Conference 2026» пленарлық отырысына қатысты.

Форумның басты тақырыбы түркі халықтарының бірлескен жерсерігін құру, ғарыш және жерсеріктік индустрия мүмкіндіктері және оның өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі болды.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыштық байланыс операторы «РҒБО» АҚ-ын Жоспарлау, сату және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Болат Сейітов таныстырды.

«Мен кәсіпорынымыз қызметінің тұсаукесерін өткіздім, конференцияға қатысушыларды қазақстандық байланыс және хабар тарату жүйесімен таныстырдым және әлеуетті тұтынушылармен «KazSat» байланыс жерсеріктері арқылы қызмет көрсетуге қатысты келіссөздер жүргіздім», - деді Б.Сейітов.

Халықаралық конференцияның қорытындысы 2026 жылдың 1 сәуірінде шығарылады.