Пресс-центр/
Жаңалық

Халықаралық отбасы күні құтты болсын!

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 15.05.2026

15 мамыр - бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық отбасы күні. «РҒБО» АҚ ұжымы үшін Отбасы күні ерекше оқиға. Біздің ұжымымызды тек ортақ мамандық пен ғарыштық байланыс саласындағы жауапты жұмыс қана емес, сонымен қатар шынайы отбасылық оқиғалар да біріктіреді. Бүгінде компанияда оннан астам отбасылық жұп еңбек етуде, ал үш отбасы дәл осы жерде — әріптестік ортада, бірлескен жобалар мен еңбекке толы күндердің және ортақ іске деген адалдықтың арқасында құрылған. Бұл ерекше символдық мәнге ие: адамдарды тек сезім ғана емес, сонымен қатар ортақ кәсіби орта да табыстырды.

Ғарыштық байланыс саласындағы жұмыс жоғары жауапкершілікті, сенімді және бір команда болып жұмыс істей білуді талап етеді. Біздің қызметкерлеріміздің отбасылық қарым-қатынастарында осы қасиеттердің жалғасын табуы — ерекше құндылық. Жаныңда жақын адамыңның қолдауы болған кезде, қиындықтарды еңсеру, мақсаттарға жету және болашаққа сеніммен қарау әлдеқайда жеңіл

Отбасы — адам баласы сүйіспеншілікті, сыйластықты, қолдауды және жауапкершілікті үйренетін қасиетті орта. Дәл отбасында адам өмір бойы өзімен бірге алып жүретін ең маңызды өмірлік құндылықтар қалыптасады. Сондықтан да «берік отбасы — мықты қоғамның негізі» деп бекер айтылмайды.

Осы тұрғыдан алғанда, АО «РҒБО» ұжымын өзара көмекке, сыйластыққа және ұрпақтар сабақтастығына мән беретін үлкен тату отбасы деуге толық негіз бар.

Отбасы күні мерекесінде барлық қызметкерлер мен олардың жақындарына бейбітшілік, татулық, зор денсаулық және амандық тілейміз. Отбасылық бірлікпен қатар, ортақ кәсіби ынтымағымыз да нығая берсін. Себебі қалалар мен елдерді ғана емес, адам жүректерін де байланыстыратын сенімді байланысты қалыптастыратын — адамдардың өздері.