Пресс-центр/
Жаңалық

«Әділет» партиясының сайлау штабы «РБҒО» АҚ-да жиын өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Нургалиева Сара Кабиевна
Күн: 10.08.2026

«Әділет» партиясының Байқоңыр аудандық сайлауалды штаб «Республикалық байланыс ғарыш орталығы АҚ еңбек ұжымымен сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесуге Байқоңыр аудандық сайлауалды штабының мүшелері Савельева Татьяна, Ибрагимов Жамаладен және Тәңірберген-Дәулет қатысты. Олар еңбек ұжымы өкілдеріне партияның экономиканы әртараптандыруға, ғылым мен білімнің дамуына, жоғары технологиялық өндірістерді қолдауға және отандық ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған бастамалары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Спикерлер өз сөздерінде қазіргі әлемдік бәсекелестік жағдайында ғылым мен инновацияның ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ ғарыш технологияларын дамыту, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу, инженерлік және техникалық мамандықтардың беделін арттыру, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастыру елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін маңызды бағыттардың бірі екеніне тоқталды.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ғылымды дамыту, жоғары технологиялық жобаларды қолдау, кадр даярлау және әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде пікір алмасты. Байқоңыр аудандық сайлауалды штабының мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын жеткізді.

Шара соңында қатысушылар алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасауға шақырылды. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесу тараптардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік беріп, еңбек ұжымы өкілдерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдаумен қорытындыланды.