«РҒБО» АҚ Т. Мұсабаев кубогы үшін дәстүрлі теннис турнирін өткізді
2026 жылғы 21 қарашада ҚР ЖИЦДМ ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында ғарышкер Т.А. Мұсабаевтың кубогына арналған үстел теннисінен V турнир өтті. Жарысқа 12 команда қатысты. Турнир Қазақстанның ғарыш саласының негізін қалаушы, аты аңызға айналған ғарышкерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – «KazSat» командасы («Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ); 2-орын – «Nitec» командасы («ҰАТ» АҚ); 3-орын – «Omega» командасы («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ).
Турнирдің ерлер арасындағы үздік ойыншысы болып Ерлан Туғанбаев (ҚҒС) танылды.
Әйелдер арасындағы үздік ойыншы атағына Қырмызы Жандос (ҚҒС) ие болды.
Айта кету керек, ғарышкер Мұсабаевтың кубогына арналған үстел теннисі жарысының бастамашысы әрі ұйымдастырушысы бес жыл қатарынан «РҒБО» АҚ болып табылады.
Биыл ауыспалы кубок тағы да «РҒБО» АҚ теннисшілерінің еншісінде қалды.
Әріптестеріміз Еркін Шаймағамбетовті, Татьяна Бородинаны және Роман Акимовты кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!