Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ менеджмент және сапа жүйесіне жоғары баға алды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 12.09.2024

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - 2024 жылдың 29 шілдесі мен 31 шілдесі аралығында «РҒБО» АҚ мен «QSCert Qazaqstan» ЖШС арасындағы шарт шегінде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) қайта тексеру аудиті жүргізілді. Аудит орталық кеңседе, сондай-ақ «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарында (ҒБО) болды.

Қайта тексеру аудитінің нәтижелері бойынша сыртқы аудитор РҒБО-дағы СМЖ халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дұрыс жұмыс істейтіні туралы есеп берді.

Аудитор Сәкен Мұхитов ұжымдағы қазіргі менеджмент пен сапа жүйесінің жоғары деңгейін, материалдарды дайындау кезінде барлық қызметкерлердің қатысуы мен көмегін атап өтті.

«РҒБО» АҚ-на 2024 жылдың 13 қыркүйегінде 2027 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жарамды 3 жылға сәйкестік сертификаты берілді.


СМЖ мамандарының пікірінше, бүгінде ISO 9001 бұдан былай жай сапа менеджменті стандарты ретінде емес, сапа мен тұтынушыларға қызмет көрсету саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқаруға мүмкіндік беретін стандарт ретінде қарастырылады. Ал жақсы жобаланған менеджмент жүйесі ұйымдағы процестерді оңтайландыру құралы болып табылады.

«РҒБО» АҚ сапа менеджменті жүйесін ҚР СТ ISO 9001-2016/ISO 9001–2015 стандартының талаптарына сәйкес енгізді және үнемі жүргізіп отырады.