«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Ақкөл» ҒБО ұжымымен кездесті
2026 жылғы 25 маусымда өткен кездесу барысында «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Боран Дүйсенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «РҒБО» АҚ-ның 2025 жылғы және 2026 жылдың бес айындағы қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп жатқанын хабарлады.
2026 жылғы 25 мамырда басталып, 3 шілдеде аяқталатын тексеру мүдделер қақтығысына байланысты мәселелерге арналған. Оның аясында мемлекеттік сатып алу, қаржы қаражатын игеру және бөлу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы және басқа да бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалуда. Сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің контрагенттермен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына қатысты ұсынған құжаттары зерделеніп, тексерілді.
Жалпы алғанда, комплаенс-офицер нормативтік-құқықтық актілерде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін нормалардың жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергілер тудыратын ережелер анықталған жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ету және қайшылықтардың туындауын болдырмау мақсатында ішкі нормативтік құжаттарға тұрақты түрде мониторинг жүргізу бойынша ұсыныс берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қоғамның Басқармасына азаматтық-құқықтық шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, іскерлік әдепті, адалдық қағидаттарын және ерікті бәсекелестік қағидаттарын міндетті түрде сақтауын көздейтін ережелерді енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілетін болады.
Сондай-ақ комплаенс-офицер 2026 жылға арналған «Үлгілік базалық бағыт» (ҮББ №4) жобасын іске асыру шеңберінде «РҒБО» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының сақталуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Өткен жылдың және 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Кездесу барысында қатысушылар бизнес-процестерді жетілдіру және өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері бойынша өз сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ комплаенс-офицер Орталықтың өндірістік учаскелеріне барып, Ғарыштық байланыс жүйелері департаментінің директоры Шоқан Свогузовтың қатысуымен «Ақкөл» Ғарыштық байланыс орталығының басшылығымен кеңес өткізді.