Пресс-центр/
Жаңалық

Ана туралы сөз

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 06.03.2026

Күш-қуаттары тек лауазымдар және марапаттармен ғана емес, сонымен қатар олар күн сайын жауап беретін жүректер санымен де өлшенетін әйелдер бар. Олардың таңы көпшіліктен әлдеқайда ерте басталады: балаларды жинау, тамақтандыру, сабақтарды тексеру, әрқайсысын құшақтауды ұмытпау. Жұмыс туралы ойлармен қатар олардың шексіз қамқорлығы, шыдамдылығы мен махаббаты бар.

Біздің ұжымда 62 әйел жұмыс істейді, олардың басым көпшілігі аналар. Біз күнделікті өмірдегі ең маңызды нәрсе – ана болу мен жұмыс, сүйікті істі біріктіретін әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Олардың энергиясы, төзімділігі мен мейірімділігі шабыттандырады. Оларға жұмыста да, ең маңызды миссия - ана болудағы да еңбектері үшін алғыс.

Көп балалы ана болу - ерекше талант. Бұл бірден бірнеше дауысты тыңдау, кез-келген жағдайда шешім табу және сонымен бірге кәсіби өсу, тапсырмаларды орындау, команданы қолдау мүмкіндігі. Бұл төрт баланың анасы болып табылатын біздің әріптестеріміз Ольга Авдеева, Валентина Зайцева, Дана Таттыбаева туралы.

16 ана үш бала тәрбиелеп отыр. Олар Гульнара Асанова, Айганым Ахунова, Жанна Нурмагамбетова, Наталья Жмак, Татьяна Бородина, Айман Казкенова, Дарига Шатырбаева, Гульмира Ишкибаева, Алия Нургалиева, Сауле Сулейменова, Светлана Бородулина, Махаббат Жунусова, Сауле Мухутдинова, Алия Калиева, Алия Ахатова, Зауре Магжанова.

… Әр адамның анасы бар. Өміріміздің бастауы болатын және жүрегімізде мәңгілікке қалатын адам. Ол жаныңда немесе алыста болуы мүмкін, бірақ оның махаббаты - тыныш, жылы, әрқашан жүрегімізде сақталады. «Анашым, мен сені жақсы көремін!» деп айту немесе есту мүмкіндігінің болуы үлкен бақыт.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «РҒБО» АҚ ұжымының ерлер қауымы барлық әріптес қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтайды.