Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ қызметкерлеріне ТЖ кезінде алғашқы медкөмек көрсету дағдылары үйретілді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 30.05.2025

«РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медициналық орталығы филиалының дәрігері Нұрлан Имамбаевпен кездесу өтті, ол қызметкерлер үшін төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақ өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі қаулысына сәйкес «РҒБО» АҚ Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатқа жатқызылған ұйым болып табылады. Азаматтық қорғаныс бойынша оқу бағдарламасы медициналық білімі жоқ адамдарды төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретуді қамтиды.

Сабаққа қатысушылар атап өткендей, олар алғашқы медициналық көмек көрсету үшін көптеген пайдалы кеңестер алды және практикалық дағдыларды үйренді.