«РҒБО» АҚ еліміздің жаңа Конституция жобасын қолдайды
2026 жылдың 12 ақпанынан бастап қазақстандықтар елдің Негізгі заңының жаңа ережелерін талқылауға белсенді түрде қатысып келеді. «РҒБО» АҚ қызметкерлері Қазақстанның жаңа Конституциясында заңнамалық деңгейде бекітілетін алдағы өзгерістерге қолдау білдірді.
«Kazsat» қазақстандық байланыс және хабар тарату жерсеріктерін басқару бойынша тәуліктік кезекшілікте жүрген «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының инженерлері 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға барлығы қатысатынын атап өтті.
«Жерсеріктік байланыстың анық және үздіксіз жұмыс істеуі елдің ақпараттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кілті болып табылады. Бұл мемлекеттік міндеттің маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, біз жаңа Конституцияның қабылдануына дауыс береміз және өз жұмысымыз арқылы ең маңызды құндылығымыз деп жарияланған Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы директорының орынбасары Бекболот Азаев.
«РҒБО» АҚ ұжымының басым бөлігі жаңа Конституцияны талқылауға арналған Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұйымдастырған ірі іс-шараға да қатысты.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өз сөзінде Қазақстанның болашақ даму векторын анықтайтын осы тарихи құжаттың маңыздылығын атап өтті. «Жаңа Конституцияның маңыздылығы әлемдік жағдайдың нашарлауымен арта түсуде, елдің жаңа Негізгі заңы біздің тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайтады», - деп атап өтті вице-премьер Ж.Мәдиев.
Іс-шара барысында ҚР ЖИЦДМ ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының мемлекеттік наградаларға ие болған әйел қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Министр Парламент депутаттарымен және қоғам қайраткерлерімен бірге әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, олардың барлық саладағы жасампаздық рөлін атап өтті.
«РҒБО» АҚ қызметкерлері де вице-премьермен кездесуден кейін өз пікірлерімен бөлісті. «15 наурызда дауысқа салынатын жаңа Конституция терең және мазмұнды жаңартуды білдіреді. Біз әділ, күшті және гүлденген мемлекетке қарай маңызды қадам болатын бұл өзгерістерді қолдаймыз», - деп атап өтті олар.