Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицерін 70 жасқа толуына орай құрметтеу

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 05.12.2025

2025 жылғы 5 желтоқсанда «РҒБО» АҚ ұжымы комплаенс-офицер Боран Дүйсеновты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Боран Төлегенұлы үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті, комсомол жұмысынан бастап, партиялық тағылымдамадан өтті, көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етті. Ол Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында жұмыс істеді, соңғы үш жылда ол «РҒБО» АҚ-да комплаенс-офицер қызметін жалғастыруда.

Әріптестері Б. Дюсеновті айтулы күнімен жылы лебізбен құттықтап, ол бұрын жұмыс істеген достары мен ұжым өкілдерінің жіберілген бейне құттықтаулары мен сәлемдемелерін тыңдады. Мемлекеттік қызмет ардагері елдің орталық мемлекеттік органдарынан 70 жасқа толуымен құттықтаулар алды, ал ол туралы аймақтық және республикалық БАҚ-та жарияланымдар жарық көрді.

«Сіз еңбекке, жауапкершілікке және мемлекеттік маңызы бар істерге толы жарқын, бай өмір сүрдіңіз. Осы жылдар ішінде Сіз адамдар мен қоғам алдында абыроймен жауапты болдыңыз. Жинақталған тәжірибе мен даналығыңыз әріптестеріңізге одан әрі қолдау көрсетіп, күн сайын жұмысыңыздың нәтижелерінен қанағаттанушылық алып, басқалардың құрметіне бөлене беріңіз»,- деп атап өтті құттықтау сөзінде «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев.

Боран Төлегенұлы өз жауабында әріптестеріне көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, «Мен өзімді 50 жасқа толғандай сезінемін!» деп өнімді жұмыс істеуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.