«Әділет» партиясының өкілдері Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы айтып берді
2026 жылғы 8 шілдеде «РЦКС» АҚ-ның орталық кеңсесінде «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының қатысуымен «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов еліміздің жаңа Негізгі заңының қабылдануына негіз болған алғышарттар, оның ерекшеліктері мен маңызы туралы баяндады. «2026 жылғы Қазақстан Конституциясы – елдің жаңа дәуір талабынан туындаған құжат. Оның мәртебесін адам құқықтарына арналған цифрлық Конституция деп атауға болады», – деп атап өтті профессор.
Саясаттанушы және қоғам белсендісі Дәулет Тәңірберген сөзін жалғастыра отырып, «Әділет» жаңа саяси партиясының басты міндетіне тоқталды. Оның айтуынша, партияның негізгі мақсаты – заңдылық, адал экономика, цифрландыру және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген Әділетті Қазақстанды құру, сондай-ақ әділдік пен құқық үстемдігі қағидаттарын мемлекеттік саясаттың және қазақстандықтардың күнделікті қоғамдық өмірінің негізіне айналдыру.
«Әділет» партиясының Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дамир Абдуллаев партиялық трансформация, атап айтқанда «Amanat» саяси партиясының «Әділет» партиясына қосылуы және жаңа партияға мүшелікке қабылдау тәртібі туралы баяндады.
«РҒБО» АҚ қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алып, «Әділет» партиясының өкілдеріне мазмұнды әрі тағылымды кездесу үшін алғыстарын білдірді.