Ақкөл ауданының әкімдігі «Ақкөл» ҒБО құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтады
2025 жылғы 19 желтоқсанда «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында (ҒБО) «Kazsat» сериялы ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенінің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Ақкөл» ҒБО ұжымын осы маңызды күнмен «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев, Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов, «РҒБО» АҚ кеңесшісі Виктор Лефтер, «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Алтай Айтмағамбетов, көп жылдар бойы Директорлар кеңесінің мүшесі болған Ризат Нұршабеков, Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Майра Караулова және «РҒБО» АҚ ардагерлері құттықтады.
«Ақкөл» ҒБО инженерлерімен кездесу барысында аудан басшылығы «РҒБО» АҚ жерүсті кешенінің құрылысының алғашқы күнінен бастап жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Ғарыштық байланыс орталығы Ақкөл қаласын құраушы кәсіпорындардың біріне және аймақтағы Қазақстанның ғарыш индустриясының символына айналды.
Ақкөл ауданының әкімі ғарыштық байланыс технологияларын дамытуға және Қазақстан, облыс және аудан экономикасына қосқан үлестері үшін «РҒБО» АҚ басшылығына және «Ақкөл» ҒБО мамандарына алғыс айтып, орталықтың үздік қызметкерлеріне әкімдіктің құрмет грамоталарын табыс етті.
«Ақкөл» ҒБО директоры Қайрат Телғарин қазіргі уақытта орталықта әртүрлі салалардан 36 маман жұмыс істейтінін, олардың барлығы Ақкөл ауданы мен Ақкөл қаласынан екенін, бұл жергілікті жұмыспен қамту мәселесін шешетінін атап өтті. Ол сондай-ақ кәсіпорын басшылығына «Ақкөл» ҒБО ұжымы алдағы уақытта да РҒБО алдына мемлекет қойған стратегиялық міндетті одан әрі абыроймен орындай беретініне сенім білдірді.
Салтанатты шара мерекелік бағдарламамен жалғасты, оның барысында Ақкөл тұрғындарының өмірінен бейнероликтер көрсетіліп, инженерлер мен балалардың орындауында өлеңдер мен әндер орындалды.