Пресс-центр/
Жаңалық

Кибергигиена: «РҒБО» АҚ мамандары оқушылармен кездесу өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Нургалиева Сара Кабиевна
Күн: 28.09.2026

2026 жыл Қазақстан Республикасының Президентімен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өткізетін Кибер айы аясында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 2026 жылғы 25 қыркүйекте «Кибергигиена: цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шара Ақкөл қаласының «П. Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары үшін өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар төмендегілер туралы ақпарат алды: фишингті қалай тануға және интернет-алаяқтықтың құрбаны болмауға болады; өздерінің есептік жазбаларын қалай сенімді қорғауға болады; электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде қандай ережелерді сақтау қажет; кибербуллингке қалай қарсы тұру керек; дербес деректерге ұқыпты қараудың және оларды қорғау ережелерін сақтаудың неліктен маңызды.

Білімдерін бекіту үшін қатысушылар бейнематериалдар көріп, интерактивті викторинаға қатысты.