РҒБО командасы үстел теннисі жарыстарында сәтті өнер көрсетті
2026 жылғы 24 қазанда ADD Table Tennis Astana спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) спартакиадасы аясында үстел теннисінен турнир өтті.
Турнирді «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұйымдастырды.
Жарысқа 11 ұйымнан 30 ер және 15 әйел қатысушы қатысты.
Ерлер арасындағы жеке есепте «РҒБО» АҚ өкілі Роман Акимов бірінші орынға ие болды. Үшінші орынды да біздің әріптесіміз Еркін Шаймағамбетов иеленді.
Әйелдер арасында тартысты бәсекеде «РҒБО» АҚ Сату және шарттарды сүйемелдеу басқармасының басшысы Татьяна Бородина үшінші орынға ие болды.
Нәтижесінде, «РҒБО» АҚ командасы кәсіпорын қоржынына 5 ұпай қосты.
14 қарашада министрлік спартакиадасының қорытындысы шығарылады. Жиналған ұпайлар сомасы бойынша әр ұйымның жалпыкомандалық орны анықталады.
Үстел теннисінен өткен жарыста тамаша нәтиже көрсеткен әріптестеріміз Р.Акимовты, Е. Шаймағамбетовты, Т. Бородинаны және Күмісай Садубаеваны шын жүректен құттықтаймыз!