Сарапшылар ҚР Еңбек кодексіндегі 2026 жылғы жаңашылдықтар туралы айтып берді
«РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының қатысуымен 2026 жылғы ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларға арналған шолу семинары ұйымдастырылды.
Қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті басқармасының басшысы Жанболат Мукушев пен осы комитеттің Еңбек саласын бақылау және талдау басқармасының бас сарапшысы Аюхан Марал «РҒБО» АҚ қызметкерлерімен өздерінің сарапшылық білімдерімен бөлісті.
Семинар барысында өкілдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістермен таныстырып, жекелеген нормаларды қолданудың өзекті тәсілдері туралы айтып берді, қызметкерлердің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру барысында қызметкерлердің құқықтары, еңбекке ақы төлеу мәселелері, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі, еңбек өтілі және ұжымдық шартқа қатысты баптар қамтылды. Қызметкерлер арасында әсіресе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің жұмыс істейтін мамандарға берілетін оқу демалыстары, медициналық тексеруден өтуге жіберілетін қызметкерлердің кепілдіктері, кадр қызметінің жұмысына енгізілген жаңашылдықтар жөніндегі түсіндірмелері үлкен қызығушылық тудырды.
«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев қонақтарға қызықты кездесу және ҚР Еңбек кодексін жетілдіру бойынша қажетті және уақтылы ақпарат үшін алғыс айтты.
2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енген (№ 295-VIII Заң) ҚР Еңбек кодексіне енгізілген толықтырулар қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қатынастарын цифрландыруға және еңбек шарттарын АҚС шарттармен алмастырудың алдын алуға бағытталған. Негізгі өзгерістер «жалған АҚСШ» қолдануға қарсы күресті, жалғызбасты ата-аналардың құқықтарын кеңейтуді, еңбек саласында адамның қадір-қасиетін құрметтеудің жаңа қағидаттарын енгізуді қамтиды.