Пресс-центр/
Жаңалық

Ақкөлдік мектеп оқушылары Ғарыштық байланыс орталығында болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 04.10.2024

2024 жылдың 4 қазанында Ақкөл қаласындағы №1 мектептің 9-сынып оқушылары Республикалық ғарыштық байланыс орталығы басшылығының шақыруымен «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына (ҒО) барды.

«Біздің тақырыптық экскурсиямыз бүгінде бүкіл әлемде тойланатын мерекеге – адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталуын бейнелейтін Жердің жасанды серігін ұшыруға арналған. Дәл осы күннен, яғни 1957 жылдың 4 қазанынан бастап, қазақ топырағынан тұңғыш жерсерік ұшырылған кезде ғарышты іс жүзінде игеру басталды», - деді құттықтау сөзінде «Ақкөл» ҒБО директоры Қайрат Телғарин.

Балаларға Ұшуларды басқару орталығы (ҰБО) көрсетілді, онда олар «Kazsat» байланыс ғарыш аппаратын басқару сеансын тамашалады. ҰБО басшысы Бекболот Азаев жоғары сынып оқушыларына Қазақстанның екі жерсерігі мен екі жерүсті басқару орталығынан тұратын ғарыштық байланыс жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Мониторингті басқару орталығының (МБО) орынбасары Ғалымжан Микишев оқушыларға ғарыштық байланыс қалай бақыланатыны туралы айтып берді.

Сондай-ақ мектеп оқушылары РҒБО қызметкерлері жасаған бірегей радиотехника мұражайының экспонаттарын тамашалады.

Қорытындылай келе, мектеп ұстаздары мен балалардың өздері РҒБО негізгі нысанына қызықты экскурсия, қазақстандық «Kazsat» жерсеріктік байланыс жүйесі туралы танысу және алған жаңа білімдер үшін алғыстарын білдірді.